Жаңалықтар

Балқаш қалалық  тарихи - өлкетану музейінде 31.10.2018ж. Оқушылардың жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы білімін кеңейту мақсатында  «Жер бетіндегі тіршіліктің дамуы» тақырыбында викторина өтті.

18 қазан күні музей қызметкерлері «Түсті  металлдар өңдеу зауытының ардагерлері» көрмесін ұйымдастырды.

17 қазанда қалалық музейдің қазіргі заман залында Рухани келісім күніне арналған  «Қазақстан халқының рухани келісімі – мемлекетіміздің дамуының кепілі» тақырыбындағы пікір алмасу басқосуы өтті.

12 қазанда қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптары»  тақырыбында танымдық сағаты болып өтті.

 

10.10.18ж. қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің дирижеры және ұйымдастырушысы К.Төлеутаевтың туғанына 80 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.

Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылау мақсатында сұхбат өтті.

03.10.2018ж. сағ 14.00де Қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Әжемнің сандығы» тақырыбында викторина   өтті. Оқушылар сандық толы қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарымен жеке жеке танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Іс-шара соңы «Арқан тартыс» ойынымен аяқталды.