12 қазанда қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптары»  тақырыбында танымдық сағаты болып өтті.

 

Шара аудиториясын құраған  № 8 орта мектеп оқушылары қазақ халқының реликт түрінде бүгінгі күнге дейін жетіп отырған әдет-ғұрпы мен дәстүрлері туралы терең біліп қана қоймай, оларды сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме көтерді. Оқушылар шара барысында музей қызметкерлері көрсеткен бесікке салу, тусау кесу, чай ішу сияқты әлі күнге дейін дәстүрлі қалыбын жоғалтпаған әдет-ғұрыптардың орындалуына өздері де қуана атсалысты. Сонымен бірге оқушыларға музей экспозицияларында орын алған қазақтың ұлттық киімдерінің негізінде олардың кейбір әлеуметтік жағдайларға байланысты қажет болып келетін белгілік өзгешеліктеріне тоқталды.