Табиғат залында көркем диорамалар арқылы жербетіндегі тіршіліктің пайда болу, даму жолдары геологиялық дәуірлер бойынша көрсетілген және Солтүстік Балқаш өңірінің далалы, жағалаулы, таулы, жартылай шөләйтті табиғи ерекшеліктері сипатталып, табиғат залының негізігі экспозициялық құрылымында ерекше көрсетілген. Бұл жерде көптеген бұталар: тобылғы, шеңгел, жүзген, баялыш, қараған, жыңғыл өседі. Сонымен қатар, көл жағалауында: жабайы шошқа- қабан, ондатр, күзен, қара күзен, түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр мекендеген. Ерекше көз тартарлық экспозицияның бірі 1200 гектарлық далалы аймақтың, 500 гектарын зооботаникалық қорықты құрайтын, Бектауатаның қызғылт гранитті құздары, саялы көктерек тоғайлары, шалғындық шөптері мол Солтүстік Балқаш өңірінің тамаша оазисі - Бектауата. Мұнда түтін түсті сұрғылт тау хрусталі- морион кездесетін майда үңгір дегендерінің сансыз көп. «ҚР Қызыл кітабына енгізілген Іле – Балқаш бассейнінің өсімдіктер және жануарлар әлемі» жеке экспозициясының орталығында Балқаш көлінің картасы және Балқаш көлінің жағалауының тіршілік иелерінің биотоптамасы көрсетілген.