МУЗЕЙГЕ КЕЛУШІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ

Музейге келушілер жөніндегі ақпарат «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК жылына 10000- ға тарта адам келеді. Музейге келушілерге ыңғайлы болу үшін , музей аптасына 6 күн сағ. 9.00. – 18.00. дейін үзіліссіз жұмыс істейді, демалыс – дүйсенбі. Билет бағасы орташа: балаларға – 50 тенге, үлкендерге – 100 тенге, экскурсиялық қызмет көрсету -500 тенге. Ал аз қамтылған отбасылары мен жетім балаларға және жас кезінен мүгедектер үшін тегін қызмет көрсетіледі. Соғыс және еңбек ардагерлеріне мерекелік күндерде (Жеңіс күні, Қарттар күні) музей есігі ашық.

Ақылы қызмет Музей көрермендеріне, конференция, семинар қатысушыларына тақырыптық , қала қонақтарына жеке VIP- экскурсиялары жүргізіледі, сонымен қатар залдарды бейнетаспаға , фотосуретке түсіріп , өлкетану , музей туралы жеке консультация алуға болады.

Музей мекенжайы: 100300 Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 12. Телефон: 6-59-70 (факс), 6-59-30. Электронды мекенжай: museyblh@mail.ru