Жаңалықтар

20.06.2018ж. Алғашқы құрылысшы Алшымбек Қосымбаевтың 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Өз еңбек жолын Коңырат руднигінің жөндеу базасының ұстасы (кузнец) болып бастаған, А. Қосымбаев 1937 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады, 1940 жылдан 1952 жылға дейін А. Қосымбав Қоңырат руднигінде еңбекші депуттар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болып сайланып, қызмет атқарады. Бүгінде музей көрмесіне қойылған медаль куәлігі, әскери билеті, делегаттық мандаты, газеттік мақалалар, фотосуреттер алғашқы құрылысшы, ҚазКСР Жоғарғы Кеңес депутаты А. Қосымбаевтың ерен еңбегінің куәгерлері.

Маусымның 19-22 аралығында мектеп жанындағы лагерлеріне арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды. №№ 8, 9 мектеп оқушылары «табиғат жұмбақтары», «Батырлардың қару - жарақтары», «Әжемнің сандығы», т.б. танымдық викториналарында үлкен қызығушылық пен білімдерін көрсетті.

15.06.2018. Медицина қызметкерлері күніне орай  - «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған материалдарда Балқаш қаласының медицина қызметінің дамуы тарихы көрсетілген. Аталған көрменің материалдары негізінде өткізілген «Біздің дәрігерлер» тақырыптық экскурсия барысында келушілер қаламыздың медицина қызметі ардагерлерінің өмір және еңбек жолдарымен  танысты.

13.06.2018. Қалалық музейде ҚазКСР Министрлер Сыйлығының Лауреаты, құрылысшы С.А. Рамазановтың туғанына 80-жыл толуына орай қор материалдары негізінде көрме ұйымдастырылды. Көрме сөрелеріне қойылған материалдар – газет мақалалары, фотосуреттер, мадақтама куәліктері, т.б. -  құрыш қолды құрылысшының еңбек жолын айқын суреттейді.

Маусымның 12-20 аралығында № 1, 4, 5 мектеп жанындағы лагерлеріне арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар «Арқан тартыс», «Достық шеңбері», «Табиғат құпиялары» сияқты танымдық ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын көрсете алды.

Маусымның  5-10 аралығында №№ № 7, 10, 15, 16, 8 мектеп жанындағы лагерлерінің балалары  музейдің табиғат залының экспонаттары негізінде Балқаш өңірінің жануарлар мен құстар  әлеміне саяхат жасап, арнайы ұйымдастырылған «Балқаш өнірінің жануарлар әлемі», «Сиқырлы сандық», «Ойлаң  да тап» т.б. викториналар мен танымдық  ойындар барысында алған білімдері пысықталды, және балалар өз тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсете білді.

Маусымның 4-нен бастап ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы» тақырыбында викторина ұйымдастырылды. Осы күндері музейге  келген ЖББ №№ 2, 7, 5, 15 мектептері жанындағы лагерьлерінің балалары көрнекілі әрі қызықты презентациялар  арқылы Мемлекеттік рәміздердің мән – мағынасын ашып, өздерінің білімдерін толықтырып қайтты.