17 қазанда қалалық музейдің қазіргі заман залында Рухани келісім күніне арналған «Қазақстан халқының рухани келісімі – мемлекетіміздің дамуының кепілі» тақырыбындағы пікір алмасу басқосуы өтті. Шара қонақтары болып шақырылған Балқаш қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің діни маманы С. Әбдіқадыр, орта білім беретін №3 және №4 мектептерінің тарих және дінтану пәндерінің мұғалімдері Е.Қ. Алтынбеков, Б.Т. Сәрсембековтар шара аудиторясын құраған Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен еліміздегі рухани келісім жайында танымдық пайдалы, әрі қызықты әсерлі пікір алмасты. Өзара бірлік, түсіністік жағдайында өткен кездесу барысында қатысушылар еліміз бен әлемде рухани келісім мен толеранттылықты насихаттайтын мерекенің маңызын бірауыздан атап өтіп, студенттер шешендерге өздерін қызықтырған сұрақтарға толымды жауап алды.