18 қазан күні музей қызметкерлері «Түсті  металлдар өңдеу зауытының ардагерлері» көрмесін ұйымдастырды.

 

Көрмеде студенттер зауыттың тарихы, сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан басталғаны жайлы, Колчугиндық С. Ордженекидзе атындағы түсті металдар өңдеу зауытын майданнан алыстатып Балқаш қаласына, мыс шикізат базасына жақындатып көшірілгендігі жайлы мағлұматтар алды. Көрмеге түсті металдар өңдеу зауытының  қызметкерлері Д.Буравовтың., Ж. Жомартовтың., К. Бакановтың. Л. Фридманның., К. Айдарбековтың деректі, заттай және т.б материалдары қойылды.