Жаңалықтар

16.09.17ж. бастап Музейде Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған «Балқаш қаласы өнеркәсібінің тарихы» көрме жұмысын бастады. Көрмеде фотматериалдар, деректі материалдар негізінде мыс алыбының құрылысындағы бастапқы кезеңдері, деректер арқылы негізін қалауында тұрған тұлғалардың үлкен еңбектері көрсетілді.

12.09.2017ж. Музейде Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған «Шөл далада туған қала» көрме ұйымдастырылды. Халық назарына алғашқы қала құрылысынан бастап бүгінгі күнгі тарихын айқын көрсететін бейнебаяндар, фотоқұжаттар, фотосуреттер ұсынылды. Көрме барысына мектеп, колледж оқушылары, т.б. қатысты.