10.10.18ж. қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің дирижеры және ұйымдастырушысы К.Төлеутаевтың туғанына 80 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: көрмеге қойылған материалдар негізінде К.Төлеутаевтың өмірлік және еңбек жолын, Балқаш қаласының мәдениет саласының дамуына қосқан үлесін көрсету. К.Төлеутаевтың ғылыми және шығармашылық жұмыстары көп жылдар бойы Балқашпен байланыс болды. Интитутты бітіріп ол Абай атындаға №2 орта мектебінде жұмыс істеді. 1976 жылы К.Төлеутаевқа «ҚазКСР ағарту ісінің үздігі» атағы берілді. Оның басшылығымен мәдениет мыс сарайында ұйымдастырылған "Сарыарка" фольклорлық ансамблі «Халық ансамблі" атағына ие болып, республикалық және бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты болды. К.Төлеутаевтың басшылығымен Балқаш өңіріндегі қазақ халқының фольклоры жайында үлкен жинақтау жұмыс атқарылды. Сол алып жинақтау жұмыс нәтижесінде К.Төлеутаевтың кандидаттық диссертациямен төрт кітәп жарыққа шықты, соңғысы - «Песенный фольклор Прибалхашья». Көрмеге К.Төлеутаевтың жеке қорынан құжаттар, суреттер, альбомдары, жұмыс материалдары, сауаттар, мадақтамалар, кітаптар, газет мақалалары қойылды