03.10.2018ж. сағ 14.00де Қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Әжемнің сандығы» тақырыбында викторина   өтті. Оқушылар сандық толы қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарымен жеке жеке танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Іс-шара соңы «Арқан тартыс» ойынымен аяқталды.