Музей залдары Солтүстік Балқаш өңірінің тарихын бейнелейтін 4 тақырыптық экспозициядан тұрады.
Табиғат залы – Жердегі өмірдің даму шежіресі, Балқаш өңірінің жануарлары мен өсімдіктер бейнеленген сурет , қазба байлықтары.
Археология залы – тас, қола, ерте темір дәуірілеріндегі сирек кездесетін көне заман жәдігерлерінің түпнұсқалары : тасқа қашап салынған сурет, қыш ыдыстар, түркі қағанаты кезіндегі тас мүсіндер.
Этнография және тұрмыс залы – көшпенді қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке жетудегі тарихи жолын және олардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.
Қазіргі заман тарихы залы – Солтүстік Балқаш өңірінің индустриялды игерілуінің, Балқаш қаласының дамуы және құрылысы жайлы құжатталған ақпараттар.