Балқаш қалалық  тарихи - өлкетану музейінде 31.10.2018ж. Оқушылардың жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы білімін кеңейту мақсатында  «Жер бетіндегі тіршіліктің дамуы» тақырыбында викторина өтті. «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатынан 5-ші сынып оқушылары қатысты. Дидактикалық материалдар (ақпараттық видео, слайд, планетарлық безендіру) қолданылды. Викторинада топтық жұмыс пен логикалық сұрақтар қойылды. Оқушылар қызықтырған сұрақтарына жауабын алды.

 

31 қарашада  музейде қалалық орта кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында тарих, этнография, мәдениет және өлкетану білгірлерінің «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» зияткерлік сайысының  биылғы 18 маусымы Қоңырат мысты кен орнының ашылғанына 90 жыл және Балқаш мыс комбинатына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сайысқа қатысқан қалалық колледждерінің жас зерттеушілері жинақтаған білім қорларын сайыстың төрт кезеңі бойынша сынады: Үй тапсырмасы;  «Әнімді  саған арнадым ...!» кезеңінде әр топ өздерінің оқу орындарының ән ұранына айналған әнге  бейнеклип немесе  жанды сахналық қойылым көрсетті. Өнер сайысында қатысушылардың шығармалары сахналық мәдениеті, шеберлігі,  ерекшелігі, ән мен бейнеклиптың немесе қойылымның көрсету деңгейі бойынша бағаланды.

 

Бәйге кезеңінде топ мүшелері Балқаш комбинатының және Қоңыраттың тарихына байланысты берілген сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде капитандар бақтарын сынады. Білім жарысының қорытындысында 1 орынға Балқаш медициналық колледжі, 2  орынға және Балқаш қаласының көпсалалы колледждері ие болса  3 орын Р.Қошқарбаев атындағы кәсіптік-техникалық колледжі қанжығасына салды, барлық қатысқан 6 топ қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.