Жаңалықтар

Шілденің 13-нен бастап «Балқаш өңірінің өлкетанушылары. К.Ы. Сардарбек» тақырыбымен көрме ұйымдастырылды. Күләш Ыбыжанқызы өзінің еңбек жолын 1956 жылы мектеп мұғалімі болып бастаған. Одан кейін Балқаш қаласы АХАЖ бюросының меңгерушісі, сонымен бірге Балқаш телеорталығының жүргізушісі болып қызмет атқарды. 1972 - 1985  жж. Күләш Ыбыжанқызы Балқаш қаласының тарихи музейінің іргесін қалауға ат салысып, осы музейдің директоры болып еңбек етті.1985 - 1988 жж. қалалық мәдениет бөлімін басқарды. Кейінде К.Сардарбекова «Балқаш өңірі» аймақтық газетінің ұйымдастырушысы болып, соңынан осы газеттің редакциясында бөлім басқарды, Тоқырауын аудандық әкімшілігінің  ішкі саяси бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

Шілденің 10-13 аралығында «Менің  қанатты  достарым» тақырыбымен ұйымдастырылған викторина барысында мектеп жанындағы лагерьлерінің балалары музей экспозициясы мен алуан түрлі презентациялар, бейнероликтер негізінде Балқаш өңірінің  құстар әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Бұйра бірқазан, Жалпақтұмсықты үйрек, Бізқұйрық, Қарабас күлегеш, т.б. құстардың тіршілік ортасы және ерекшеліктерімен  танысты.

Шілденің 1-нен бастап Астананың 20-жылдығына арналған «Астана – болашаққа ұмтылған қала» көрме негізінде «Астана: тарих беттері» тақырыптық экскурсиялар

Маусымның 28-де музей келушілері «Қоңырат кенті» өлкетану жаршысының материалдарымен танысты

26-29 маусым аралығында мектеп жанындағы лагерьлеріне арнайы тақырыптық экскурсиялар мен викториналдар ұйымдастырылды

22.06.2018ж. Музейде «Есірткісіз болашақ» өткізілген акциясы барысында келушілер, жасөспірімдер мен жастар, алуан түрлі буклеттер, плакаттар пен флаерлер негізінде  қоғамдағы нашақорлық мәселесі төңірегінде, есірткі заттардың денсаулыққа зиянды салдары туралы ақпарат  алды.