Жаңалықтар

17 тамызда спорт күніне орай «Балқаштықтар – спорт саңлақтары» көрмесі ұйымдастырылды. Көрме қаламыздағы спорт саласының даму тарихына үлкен үлес қосқан,  қала тарихының шежіресінде есімдері қалған,  бұрынғы КСРО және Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушылары, әлем чемпиондары және Олимпияда ойындарының жеңімпаздары -  М.Хайрутдинов, Валиулин, Ефремениди, Б.Гугенгеймер, Елена Чебукина, Светлана Лихолетова, Василий Жиров, А.Апачинский, Ю.Лебедев, М.Жунусов  және т.б. қала спортының негізін қалаушы спортшыларымыздың өмірбаянынан, ерен еңбектерінен ақпарат береді. 

10.08.2018ж.музейде құрылысшылар күніне орай «Мысты қаланың құрылысшылары» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: қаламыздың негізін қалауға үлес қосқан алғашқы құрылысшылардың аттарын құрметпен еске алу, өнеркәсіп қаламыздың тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

01.08.2018г. Қалалық музейде Қаз ССР-нің Жоғарғы кеңесінің депутаты, Құрметті теміржолшы, М.Р.Раисовтың туғанына 105 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. М.Р. Раисовтың еңбек жолы паровоздың от жағушысынан бастап заводтың партком хатшысына дейінгі жолдан өтті. 1944 жылы Қаз ССР-нің Жоғарғы кеңесі депутаты болып сайланды. Бірнеше мәрте Балқаш қалалық кеңесіне депутаттыққа сайланды. Көрмеде М.Раисовтың өмірбаяны мен еңбек жолынан сыр шертетін материалдар - газет бетіне жарияланған мақалалар, куәлік т.б материалдар қойылды.

26.07.2018ж. Музейге литвалық архитектор, Балқашлагтың тұтқындардың ұлы, Қазақстанның тумасы Альгис Вишнюнас бастаған волонтерлер делегациясы келді. Қонақтар үшін музей залдарында экскурсия өткізілді, содан кейін қуғын-сүргінге ұшыраған литвалықтар туралы кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта лагерьлердің тұтқындары -литвалықтар туралы материалдар жиналған, олардың тұтқындағы өмірлері және болашақ тағдырлары туралы айтылған, әртүрлі статистикалық деректер ұсынылған.

20.07.2018ж. Фотосуреттер, газет мақалалары және басқа да деректі материалдардан құрастырылған «Алғашқы мыс балқымасының тарихы» тақырыбымен көрме ұйымдастырылды. Көрме материалдары негізінде мыс алыбының тарихы айқын көрсетіледі, осы күндері музей келушілері металлургтер, алғашқы инженерлер, құрылысшылар - В.И. Иванов, Қ. Қадыржанов, М. Бегалиева, Е. Антоновский, Ә. Әлімжанов, А. Тлеуғабылов, ағайынды Лошкаревтар, т.б. еске алды.