Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Наурыз мейрамының мерекелік бағдарламасының тізімі бойынша қала көшесінде қазақ қолданбалы өнер туындыларының «Ата-баба мұрасы» көрмесі болып өтті. Көрмеге жергілікті қалалық - 10 дәстүрлі қолөнер шеберлері қатысты. Көрмеге қойылған киізден, теріден, ағаштан, жүннен, сүйектен әртүрлі техникалық әдістермен жасалып, қазақ қолөнерінің көркемөнерлік деңгейдегі көркемдігі мен қайталанбас ерекшеліктерін жаңғыртқан қолөнер бұйымдарының барлығы дерлік – панно, дастархандар, түскиіздер, сырмақтар, құрақкөрпелер, сөмкелер және басқалары қалалықтар мен қонақтардың тарапынан аса қызығушылық тудырды. Олар мерекелік киіз үйлердің іші-сырты мен қаланың көшелерін әсем безендіріп, ерекше шат-шадыман көңіл күй сыйлады.
1 наурыз күні қалалық музейде Тәуелсіз еліміздің саяси авангарды «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай ұйымдастырылған «Нұр Отан: болашаққа ұмтылыс» фотокөрмесінің ашылуы болып өтті. Салтанатты шараға №4 орта мекетебінің 9 «А» сыныбы оқушылары қатысты.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, жауынгер - интернационалисттеріміздің батырлығын, ерлігін құрметтеп, болашақ жас жеткіншектерімізді ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында, музейде көрме ашылып, «Ауғанстан асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге сол бір қанды қырғын кезеңдерде, қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, жауынгер – интернационалисттер, Ауған соғысының ардагерлері Мұхамедиев Бауыржанмен Балқыбеков Талғат қатысып, студент жастар мен қалалық орта мектептердің оқушыларымен тағлымды дүниелер төңірегінде ой салып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
Негізі мықты қоғамның ғана жарқын болашаққа мақсат етіп, қол созуына рухани құқы бар. Өйткені, дені мен жан саулығы қатар келген азаматтар ғана болашағы зор қоғамның жағымды құндылықтарын қалыптастыруға қабілетті болады. Сондықтан, қоғамның осы жазылмаған табиғи, әрі адами рухани заңдылықтарының талабын барлығымыз сақтауға тиіспіз: Олай етпесек, адамзат күйрейді. Және,біз бұл жерде қоғам мен мемлекет қамқорлығына абайсызда дене ғарыптығына ұшырау арқылы мұқтаждыққа тап болған адал адамдар туралы емес, арақ-шарап, темекі мен есірткі сияқты адамның өз қолымен өз денсаулығына қарсы жасап алған «құндылықтарының» күшімен денсаулықтарына қастандық жасау арқылы қоғамды артқа тартушы адамдар туралы айтып отырғанымызды да ескерте кеткеніміз жөн.
8 ақпанда қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Орталық Қазақстанның палеонтологиялық материалдары» лекциясы өтті.
13 қарашадан бастап қалалық музейде Ұлттық валюта - теңге күніне орай «Ұлттық тенге - мактанышымыз» атты көрме ұйымдастырылды.