Балқаш музейі 1970 жылы комсомолдар мен алғашқы құрылысшылардың бастамасы бойынша құрылды. Музейдің ресми ашылу күні 1973 жыл 25 қыркүйек болып саналады.

 

Бұл жаңалыққа себепші болған уақиғалар мыналар:

 

13.03.1966 ж. – І – ші қалалық комсомолдардың үш ұрпақтарының кездесуі негізінде қалалық тарихи – өлкетану музейін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.

 

29.12.1969 ж. – «Балқаш қаласында өлкетану музейінің құрылуы жөнінде» ҚазКСР Мәдениет Министрлігінің бұйрығы жарыққа шықты.

 

23.03.1970 ж. –жаңа салынған жиһаз дүкенінің ғимараты музей иелігіне берілді.

 

25.03.1973 ж. – Музейде бірінші «Солтүстік Балқаш өңірінің тас суреттері және палеолит, неолит кезеңдерінің материалды мәдениеті» атты экспозициясы ашылды.

Бұл – музей ұжымының және Мәскеу, Ленинград, Алматы қалаларының ғылыми қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі еді. Бұл көрме бүгінгі таңда да мұражайдың басты байлығы болып табылады.

 

Одан әрі музей тарихы былай өрбіді:

 

7.05.1975 ж. – «Солтүстік Балқаш өңірінің табиғаты» және «Балқаш Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімі ашылды.

 

6. 11.1975 ж. – «Балқаш бірінші бесжылдықта» бөлімі ашылды.

 

1977 ж. наурыз – ОК Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы – Д.А. Қонаев музейде болды.

 

26.10.1978 ж. – БЛКЖО-ның 60 жылдығына орай 700 жәдігерден тұратын көрме ұйымдастырылып, оған Қазақстан ЛКЖО ОК- ның бірінші хатшысы К. Сұлтанов келді.

 

01.07.1980 ж. – Музей ұжымы «Әкелер даңқы жолымен» ҮІІІ республикалық комсомолдар слетін өткізуге қатысты.

 

27.07.1982 ж. – «1946 -1961 жылдардағы Балқаш» шығармашылық залы ашылды.

 

28.07.1982 ж. – Қаз КСР Мәдениет Министрінің орынбасары мұражайда қонақта болды.

 

17.12.1983 ж. – «Өлкедегі кеңестік биліктің құрылуы және нығаюы. 1971 -1925 жж.» залы ашылды.

 

1988 ж. сәуір – Балқаш қаласының 50 жылдығына орай, насихат жұмысын белсенді жүргізгені үшін Балқаш қалалық тарихи – өлкетану мұражайы Жезқазған облыстық еңбекшілер кеңесі атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

1988 - 1991 ж. – экономикалық өтпелі кезеңдерде музей өзін қамтамасыз ететін қаржының тапшылығынан концервация жағдайында болды. Сол уақыттардағы негізгі мәселе мұражайды және оның қорын сақтап қалу болатын.

 

1992-1966 ж. – Экспозициялық қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, музей күрделі жөндеуден өткізілді.

 

18 мамыр 1996 ж. – Музейде жаңа экспозиция ашылды. Ақпан 1999 ж.– «Балқаш қалалық тарихи- өлкетану музейі» мемлекеттік мекеме статусы КМҚК болып өзгертілді. Тамыз 2005 ж. – «Балқаш қаласының әлеуметтік - экономикасының дамуы» атты жаңа экспозициялық стенді құрылып, конференц залы жаңадан безендіріліп, жөндеуден өткізілді.

 

18 наурыз 2006 ж.– «Қазақтың ұлттық аспаптары» және «Солтүстік Балқаш өңірінің музыка мәдениетінің қайраткерлері мен халық орындаушылары» жаңа экспозициялық бөлімдері ашылды.

 

8 сәуір 2006 ж. – «Балқаш қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы» бөлімі ашылды.

 

Қараша 2007 ж.– «ҚР Қызыл кітабына енгізілген Балқаш - Іле бассейінінің жануарлары мен өсімдіктер түрлері» көркем панносы экспозициялық қайта құрылымнан өткізілді.

 

Қазіргі кезде Балқаш музейі аймақтық маңызы зор мәдени мекемесі бола отырып, қаламыздың мәдени өміріндегі негізгі орталықтарының бірі ретінде қала тұрғындарының құрметіне ие болған. Оның қорында 40 мыңнан астам экпонаттар бар. Балқаш музейі қызмет бағытында 3 негізгі профилді біріктірген комплексті музей болып табылады ( тарихи, жаратылыстану-ғылыми және этнографиялық), оның осы ерекшелігі музейдің қызмет көрсету-ұйымдастыру жүйесінің және жинақталған қор құрамының қызмет көрсету, жұмыс мазмұнын айқындайды. Өлкетану және тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау музей жұмысының басым бағыттары болып есептелгенімен, музей қорын білімділік-танымдық, тәрбиелік мақсатта пайдалану да оның қызметінің өзекті бағыттары болып отыр.