Жаңалықтар

Мамырдың 30-31-де Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық балабақшалар мен мектеп лагерлерінің балаларына «Бақытты балалық шақ» тақырыбымен арнайы бағдарламалар мен викториналар ұйымдастырылды. Іс шаралар барысында балалар туған өлкенің табиғат ерекшеліктері мен фольклор және этнографиясымен алуан түрлі ойындар негізінде танысты.

 

Мамырдың 28-31-де қалалық музейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске күніне орай көрмелер, тақырыптық экскурсиялар, бейнелекциялар, тарихи сабақтар, «Мәңгі тағзым» тақырыбымен еске алу сағаты өткізілді.

Мамырдың 22-26 аралығында қалалық музейде Саяси  қуғын – сүргін  және ашаршылық құрбандарын  еске  алу  күніне  орай,  өткенді құрметпен еске алу, бейбіт өмірді дәріптеу мақсатымен тақырыптық экскурсиялар, бейнелециялар мен тарихи сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, 30-шы жылдарда Балқаш қаласында орналасқан  КарЛагтың бір бөлімі №20 «БалхашЛаг» жерінен әкелінген заттай материалдар және онда болған әскери тұтқындар   жайлы мағлұмат беретін жәдігерлер қойылған «Балқашлаг: тарих беттерінен» атты көрме ұйымдастырылды.

Мамырдың 18-де «Тарихтың жанданған беттері» викторина ұйымдастырылды. Музейдің табиғат залында экскурсоводтар келушілерді Балқаш өңірінің табиғат байлығымен Балқаш көлінің ерекшеліктерінмен таныстырып, «Қабан аулау» және  «Қызықты география» конкурстарын өткізді. Этнография залында өткізілген «Әжемнің сандығы» және  «Ойлаң да тап» конкурстарында сандықтағы музей заттарын және қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының үнін  табу керек болатын. 

1977 жылғы Халықаралық Музейлер Кеңесінің ХІІ Генералды ассамблеясының шешімі бойынша  жыл сайын 18 мамыр Бүкіл әлемнің музей қызметкерлерінің  кәсіби мерекесі аталып өтеді. Мамырдың 17-де қалалық музейде «Көне заттар әлемі», «Ажур кестелері» ұйымдастырылған көрмелерінде келушілер ескі патефон, пластинкалы проигрыватель, катушкалы магнитофон, бейнекамералар, фотоаппараттар, шот, жазу машинкасы және «Горбыткомбинатта» шығарылған аяқ киімдер, т.б. көре алады. 

11.05.2018ж. қалалық музейде ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО телевидение мен радио үздігі - Ж.С. Төлендиновтың туғанына 90 жыл толуына орай көрме ашылды. Жазбек Сатымбекұлының өмірі Балқаш қаласымен тікелей байланысты. 1964 жылы Балқаш қаласында теледидар орталығы ашылысымен Ж.Төлендинов, осы орталықтың бас редакторы, ал 1966 жылдан бастап  директоры болып тағайындалады. Ж.Төлендиновтің басшылық етуімен телестудия ұжымы жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, қаламыздьң қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысты.

10.05.2018ж. «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «НұрОтан» партиясының бастауымен «Музей» БПҰ базасында Республикалық кестесіне сәйкес «Тарлан тарих тағылымы» өлкетану жобасының бастамалық іс шарасы өткізілді. Іс шара барысында музей қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  баптарына тоқталып, Солтүстік Балқаш өңірінің киелі жерлері, атақты тұлғалары туралы айтылды. Солнымен қатар, музей залдарында тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды.