Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, жауынгер - интернационалисттеріміздің батырлығын, ерлігін құрметтеп, болашақ жас жеткіншектерімізді ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында, музейде көрме ашылып, «Ауғанстан асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге сол бір қанды қырғын кезеңдерде, қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, жауынгер – интернационалисттер, Ауған соғысының ардагерлері Мұхамедиев Бауыржанмен Балқыбеков Талғат қатысып, студент жастар мен қалалық орта мектептердің оқушыларымен тағлымды дүниелер төңірегінде ой салып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
Кездесу барысында №16 мектептің оқушылары ардагер – жауынгерлерімізге арналған өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, соғыс алаңынан елге оралмай, қыршын кеткен жерлестеріміз Самат Нұрғалиев пен Анатолий Антоновқа арналған слайд - фильм көрсетіліп, музей қорында жинақталған ауған соғысының арадагерлерінің жеке мұрағатынан алынған майдангерлік фотосуреттері, грамоталары және соғыс жылдарында Ауғанстан жерінде жауынгерлік қызметтер барысында түсірілген, әскери құрал – жабдықтардың, әскери машиналардың түсірілімдері, «Звезды подвига на земле Афганистана», «В стране солнца и гор» кітаптары, газет мақалалары қойылған «Ауған соғысының жалыны» көрме, кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/382-au-anstan-asuynda-ot-keshkender.html#sigFreeId87d3a4f893