13 қарашадан бастап  қалалық музейде Ұлттық валюта - теңге күніне орай «Ұлттық тенге - мактанышымыз» атты көрме ұйымдастырылды. 

 

Тәуелсіздік алған еліміздің, дербес ел болғандығымыздың бір белгісі   – ұлттық валютамыз. Көрмеге еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі болып табылатын теңге тарихына үңіліп, 1993 жылы алғаш жарық көріп, банкнот және монета түрінде айналымға енгізілген,  еліміздің біртуар ұлдары мен ұлылары бейнеленген  және 1993 жылдан 2010 жылдар аралығында еліміздегі  атаулы уақиғалар мен ұлыларымыздың мерейтойларына орай шығарылған,  мерейтойлық монеталар,  алғашқы теңге үлгілері және ұлттық валюта тарихында болған өзгерістер жайлы   ақпараттарға толы  БАҚ мақалалары  мен кітаптар  қойылды. Музей көрермендері мұнда,  1993 жылы 12 қарашада  ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығының шығып, 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде ұлттық валютамыз - теңге айналымға енгізілгендігі және 1997 жылдан бастап 15 қараша  Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық валюта  күні болып жарияланғандығы жайлы ақпарттар алды.

 

Іс шараға келген мектеп оқушылары көрмедегі алғашқы 1993 жылы 15 қарашада айналымға шыққан тиындар мен теңге номиналдары, естелік және мерейтойлық монеталарды, сонымен қатар теңге тарихы жайлы және теңгенің қорғаныс элементтері туралы газет материалдарын көріп Ұлттық валютаның  тарихымен танысты.