Негізі мықты қоғамның ғана жарқын болашаққа мақсат етіп, қол созуына рухани құқы бар. Өйткені, дені мен жан саулығы қатар келген азаматтар ғана болашағы зор қоғамның жағымды құндылықтарын қалыптастыруға қабілетті болады. Сондықтан, қоғамның осы жазылмаған табиғи, әрі адами рухани заңдылықтарының талабын барлығымыз сақтауға тиіспіз: Олай етпесек, адамзат күйрейді. Және,біз бұл жерде қоғам мен мемлекет қамқорлығына абайсызда дене ғарыптығына ұшырау арқылы мұқтаждыққа тап болған адал адамдар туралы емес, арақ-шарап, темекі мен есірткі сияқты адамның өз қолымен өз денсаулығына қарсы жасап алған «құндылықтарының» күшімен денсаулықтарына қастандық жасау арқылы қоғамды артқа тартушы адамдар туралы айтып отырғанымызды да ескерте кеткеніміз жөн.
Осы захарлы заттардың кезінде(қазірде солай) отаршылдардың басып алған көптеген халықтардың жойылып кетуіне, немесе аты бар да заты жоқ күйге жетуіне ықпал ету үшін қолданған қаруларының ішіндегі шешуші роль атқарғанын да тарихтан жақсы білеміз. Айтулы тақырып мәселесі бойынша музейде орта мектеп оқушыларының қатысуымен өткен «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» денсаулық сағатында осы тақырып көтерілді. Кездесу қонағы, Балқаш қалалық салауатты өмір салты орталығының қызметкері В.А. Омаров пен музейдің ғылыми қызметкері А. Ж. Дауылбаеваның жас өркендерге темекі, арақ және есірткі сияқты адам денсаулығының күйреуі мен рухани азуына себеп болатын нәубеттерден аулақ болу туралы нақты дәлелдермен келтірген тәлімді әңгімесін тұщына да, саналарына түйіп тыңдады.