1 наурыз күні қалалық музейде Тәуелсіз еліміздің саяси авангарды «Нұр Отан» партиясының  құрылған күніне орай ұйымдастырылған «Нұр Отан: болашаққа ұмтылыс» фотокөрмесінің ашылуы болып өтті. Салтанатты шараға №4 орта мекетебінің 9 «А» сыныбы оқушылары қатысты.


Көрмеге «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалының қаламыздағы өз саласының алдыңғы қатарлы ұжымдары болып табылатын Ә. Бөкейханов атындағы №15мектеп-лицейі, Абай атындағы №2 мектеп-лицейі, №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі мен қалалық тарихи өлкетану музейі ұжымдарының басын қосатын   «Музей» бастауыш партия ұйымының  «Қала көшелеріндегі есімдер», «Мектеп асханалары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ескерткіштерді сақтап, қорғайық» және басқа да әр бағыттағы тұрақты түрде жалғасытырылп келе жатқан көп жақты  жұмыстарымен таныстыратын фотоматериалдары қойылды.