28 қарашада музей қызметкерлері М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Ұлт мақтанышы - Елбасы» тақырыбында фотодокументальді көшірмелі көрме ұйымдастырды. Көрменің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің дамуындағы тарихи рөлін көрсету.
Көрменің бірінші бөлімінде «Атамекен» -Президенттің туған өлкесі Үшқоңыр, отбасы, мектеп жасындағы және студенттік жылдары, Днепродзержинск техникалық училищесі, металлургия зауытындағы еңбек жолымен таныс болды, сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғары Кеңесінің Төрағасы және егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президенттігіне дейінгі жолы айқындалып көрсетілді.
Екінші - «ҚР Тұңғыш Президенті Балқаш жерінде» бөлімінде Елбасының 1993-2007 жж. Балқаш қаласына келген іс сапарларының фотосуреттері қойылды. Музей қорында сақталған Президент Н.Ә. Назарбаевтың БГМК-на келген іс сапарлары, цехтардың ашылу салтанатына қатысқан фотосуреттері орын алды.
Үшінші - «Елбасына марапат – халықтың алғысы» бөлімінде Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы достық қарым – қатынастарды нығайтып дамыту жолында үлкен еңбек сіңіргені үшін Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне берілген ордендері мен медальдары фотосуреттер арқылы көрсетілді, олардың ішінде «Святой апостол Андрей Первозванный» ордені, «Большая Звезда Почета», т.б. материалдар орын алды.