«Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Наурыз мейрамының мерекелік бағдарламасының тізімі бойынша қала көшесінде қазақ қолданбалы өнер туындыларының «Ата-баба мұрасы» көрмесі болып өтті. Көрмеге жергілікті қалалық - 10 дәстүрлі қолөнер шеберлері қатысты. Көрмеге қойылған киізден, теріден, ағаштан, жүннен, сүйектен әртүрлі техникалық әдістермен жасалып, қазақ қолөнерінің көркемөнерлік деңгейдегі көркемдігі мен қайталанбас ерекшеліктерін жаңғыртқан қолөнер бұйымдарының барлығы дерлік – панно, дастархандар, түскиіздер, сырмақтар, құрақкөрпелер, сөмкелер және басқалары қалалықтар мен қонақтардың тарапынан аса қызығушылық тудырды. Олар мерекелік киіз үйлердің іші-сырты мен қаланың көшелерін әсем безендіріп, ерекше шат-шадыман көңіл күй сыйлады.