8 ақпанда қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Орталық Қазақстанның палеонтологиялық материалдары» лекциясы өтті. Шара барысында оның аудиториясын құраған академик Ақылбаевтың маңызды білім беру колледжінің студенттері музей экспозициясында қойылған өлкенің көне палеонтологиялық тарихына қатысты жәдігерлермен – бұрынғы өмір сүрген жануарлардың тасқа айналған тістері, миллиондаған жыл бұрын өскен өсімдіктердің тасқа айналған үлгілері мен ағаштардың қалдықтарымен танысып, осы метериалдарды тарихи дерек ретінде пайдалана отырып, аймақтың экологиялық тұрғыдан тарихын зерттеп білуге қол жеткізетін әдістері туралы да шағын ақпараттармен танысты.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/379-ortaly-aza-stanny-paleontologiyaly-materialdary-lektsiyasy-tti.html#sigFreeId2ca11d9083