Жаңалықтар

08.05.2018ж. «Ұмытылмас Ұлы Ерлік» көрме материалдары негізінде 1941-1945жж. Отан соғысы тарихын және соғыс ардагерлері мен еңбек тыл ардагерлерінің ержүрек ерлігін насихаттау мақсатымен «Балқаштықтар – Ұлы Отан соғысының майданында» тақырыптық экскурсиялар өткізілді..

04.05.2018ж. Жеіңіс күніне орай «Ұмытылмас Ұлы Ерлік» атты  көрме ұйымдастырылды. Көрмеден көрермендер Кеңестік жауынгерлеріміздің әскери киімдерінен бастап, қару – жарақтарын, оның ішінде майдан шебінен әкелінген әскери жабдықтарды және қаламыздан шыққан  батырларымыздың даңқты марапаттарын – ордендер мен медальдар, фотосуреттерін, майданнан жазған  майдангерлік хаттарын, т.б. құжаттарды өз көздерімен көруге мүмкіндік береді.

03.05.2018ж. ҚР Отан қорғаушылар күніне орай қалалық музейде оқушыларды еңбекқорлыққа, ұлттық патриотизм рухында адамгершілікке, адалдыққа, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатымен «Жас Жауынгерлер» сайысы өтті. Іс шараға қатысқан қала мектептерінің оқушылары сапқа тұрып, денелерін шынықтырып, алғашқы медициналық көмек көрсетуден, т.б. өнерлерін ортаға салды.

27.04.2018 г. Аймақтық ішкі істер бөлімдерінің қызметкелеріне арнайы экскурсиялар жүргізілді.

27.04.2018 ж. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық аспан аясында» атты көрме ұйымдастырылды.Көрме сөрелерінде әртүрлі халықтардың ұлттық киім үлгілері, фотосуреттер, кітаптар, газет, журналдармен және т.б.

Сәурдің 24-нен бастап музей қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды алдын алу мақсатымен лекциялар мен акциялар өткізді, олардың арасында:

25.04.2018ж. қалалық музейдің келушілері «1958 ж. – БКМК құрылуы» өлкетану жаршысымен танысты. Балқаш кен-металлургия комбинаты алғашқы мысты берген уақыттан бері қиындығы мол ауыр кезеңдерге қарамастан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп мол табысқа ие болды.