10.05.2018ж. «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «НұрОтан» партиясының бастауымен «Музей» БПҰ базасында Республикалық кестесіне сәйкес «Тарлан тарих тағылымы» өлкетану жобасының бастамалық іс шарасы өткізілді. Іс шара барысында музей қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының баптарына тоқталып, Солтүстік Балқаш өңірінің киелі жерлері, атақты тұлғалары туралы айтылды. Солнымен қатар, музей залдарында тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды.