Жаңалықтар

Наурыз мейрамын мерекелеу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатымен және Астананың 20-жылдығына арналған  қала көшелерінде келесі көрмелер ұйымдастырылды:

«Наурыз – жыл басы», суретшілер көрмесіндегі Г.Исатаева, О.Әбеуов, И. Билая, Л. Стригунова, О.Злобин, В. Коновцева, Н. Соловьев, А.Е. Горбатов, В.В. Тимофеев және т.б. 40-тан астам жұмыстарында Балқаш өңірінің табиғаты, металлургтердің күнделікті еңбектері, т.б. бейнеленген.

Наурыз мейрамына орай қалалық музейде өткізілген «Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шараға №2 Абай атындағы лицейі мен №16 ОМ оқушылары мен ата аналары да қатысты, ал «Балқаш сазы» ардагерлер ансамблінің қатысушылары мерекенің құрметті қонақтары болды.

Наурыздың 14-де «Дара тұлға: Қасен Бижанов» туғанына 160-жыл толуына орай өткізілген өлкетану сабағы барысында Дадан – Тобықты руынан шыққан Ақтоғай өңірінің алғашқы фельдшері, кәсіпкері Қ.Бижановтың тұлғасы толығымен жан-жақты суреттелді.

Халықаралық Әйелдер күніне орай «Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдары» көрмесі негізінде «Сұлулықтың көрінісі» тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды.

28 ақпанда Алғыс айту күніне арналған суреттер байқауы ұйымдастырылды.

26 ақпанда Қоңырат шағын мөлтек ауданындағы кітапхана залында осы мыс кен орнының ашылғанына 90 жыл толуына арналған «Қазыналы Қоңырат» көрмесі ашылды.