Мамырдың 22-26 аралығында қалалық музейде Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, өткенді құрметпен еске алу, бейбіт өмірді дәріптеу мақсатымен тақырыптық экскурсиялар, бейнелециялар мен тарихи сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, 30-шы жылдарда Балқаш қаласында орналасқан КарЛагтың бір бөлімі №20 «БалхашЛаг» жерінен әкелінген заттай материалдар және онда болған әскери тұтқындар жайлы мағлұмат беретін жәдігерлер қойылған «Балқашлаг: тарих беттерінен» атты көрме ұйымдастырылды.