Жаңалықтар

20 сәуірінде ҚазКСР-ның еңбек сіңірген дәрігері М.М. Казбекованың туғанына 115-жыл толуына орай арнайы көрме негізінде лекция ұйымдастырылды.

19 сәуірде «Орталық Қазақстанның зерттеушілері» циклі бойынша лекция өткізілді. Абай атындағы №2 лицейінің оқушылары композитор, жазушы Қ. Саденовтың шығармашылық жолымен танысты.

18 сәуірде қалалық музейде «Жас шежіреші» байқауының қатысушылары өздерінің жыл бойы жинастырған ғылыми - іздестіру жұмыстарын қорғады.

13 сәуірде қалалық музейде «Экстремизмнің негізгі белгілері», «Экстремизмнің әлеуметтік – экономикалық және саяси себеп – салдары» тақырыбымен лекциялар ұйымдастырылды.

Сәуірдің 12 - 20 аралығында музейде Ғарышкерлер күніне орай экскурсиялар ұйымдастырылды. Осы іс шараларды Балқаш аэродромның қарамағындағы әскери бөлімінің қызметкерлері мен солдаттары, колледж және мектеп оқушылары тамашалады.

Сәуірдің 10 – 14 аралығында «Қазақстан – ғарыш айлағы» көрме материалдары және тақырыптық презентациялар негізінде «Жас ғарышкерлер» атты викториналар ұйымдастырылды.

10 сәуірде Балқаш қаласының құрылған күніне орай «Мыс қаласы» тақырыбымен экскурсия ұйымдастырылды.