Мамырдың 28-31-де қалалық музейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске күніне орай көрмелер, тақырыптық экскурсиялар, бейнелекциялар, тарихи сабақтар, «Мәңгі тағзым» тақырыбымен еске алу сағаты өткізілді.
Іс шараларға тарих оқытушылары, студенттер мен жұмысшы жастар, қала мектеп оқушылары қатысты. Тарихшы – өлкетанушы, журналист, «58 – статья зарзаман» кітабының авторы Куляш Ыбыжановна Сардарбек өткен жылдар қасіреті туралы баяндады, сонымен қатар тарихшылар Д.А. Кожаков, Е. Алтынбеков, т.б. осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды. Іс шара барысында БалхашЛаг туралы бейнеролик көрсетіліп, аудитория Қазақстан тарихындағы зұлмат жылдар беттерін ашып, репрессия мен ашаршылық құрбандары туралы мағлұмат алды. Мамырдың 30-31-де Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық балабақшалар мен мектеп лагерлерінің балаларына «Бақытты балалық шақ» тақырыбымен арнайы бағдарламалар мен викториналар ұйымдастырылды. Іс шаралар барысында балалар туған өлкенің табиғат ерекшеліктері мен фольклор және этнографиясымен алуан түрлі ойындар негізінде танысты.