Мамырдың 18-де «Тарихтың жанданған беттері» викторина ұйымдастырылды. Музейдің табиғат залында экскурсоводтар келушілерді Балқаш өңірінің табиғат байлығымен Балқаш көлінің ерекшеліктерінмен таныстырып, «Қабан аулау» және «Қызықты география» конкурстарын өткізді. Этнография залында өткізілген «Әжемнің сандығы» және «Ойлаң да тап» конкурстарында сандықтағы музей заттарын және қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының үнін табу керек болатын.