18.07.2018ж. музей келушілері алғашқы құрылысшы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы И.Т. Бредюктың 100-жылдығына арналған өлкетану жаршысының ақпаратымен танысты. Иван Тихонович Бредюк өзінің еңбек жолын 1936 жылы комбинаттың коммуналдық шаруашылығының есепшотшылығы қызметінен бастады.

1939 – 1946 жылдары Кеңестік Армия қатарында болды. И.Бредюк 265-ші атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград, Прибалтикалық Екінші және Үшінші, сонымен бірге Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысты. Финляндияны, Польшаны неміс басқыншыларынан босатуға ат салысып, оларды өз жері – Германияда талқандауға да қатысты.

Өзінің соғыстағы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен, I-ші және II-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Ленинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Варшаваны босатқаны үшін», «Берлинді алуға қатысқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және тағы да басқа медальдармен марапатталған.

1946 жылы И.Бредюк майданнан оралған соң, әр түрлі қызметте: жұмысқа жалдау және жұмыстан босату бюросының меңгерушісі, техникалық бөлімнің апаттар жөніндегі инспекторы, кадрлар дайындау бөлімінің бастығы болып жұмыстар атқарды. 1955 жылы ол зауыт директорының әлеуметтік – тұрмыстық сұрақтар жөніндегі орынбасары лауазымына шақырылып, сонда қызмет жасай бастайды.

И. Бредюк 30 жыл бойы қалалық Кеңесінің депутаты болды, оның ішінде 28 жыл Халық депутаттарының қалалық кеңесінің орындаушы комитетінің мүшесі болды. Халық депутаттары облыстық кеңесінің үш шақырылымының депутаты болып сайланды.

1976 жылы Балқаш қаласының құрылысы және оны аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын атқарғаны үшін, оған «КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығының лауреаты» медалі мен КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы берілді.

1998 жылы 19 қарашада И.Бредюкке қалалық мәслихаттың шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.