Шілденің 10-13 аралығында «Менің  қанатты  достарым» тақырыбымен ұйымдастырылған викторина барысында мектеп жанындағы лагерьлерінің балалары музей экспозициясы мен алуан түрлі презентациялар, бейнероликтер негізінде Балқаш өңірінің  құстар әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Бұйра бірқазан, Жалпақтұмсықты үйрек, Бізқұйрық, Қарабас күлегеш, т.б. құстардың тіршілік ортасы және ерекшеліктерімен  танысты.