Шілденің 25-де комбинаттың еңбек ардагері, қаланың Құрметті азаматы Чекушина Нина Григорьевнаның туғанына 90-жыл толуына орай музей қорында сақталған фото-документалды материалдар негізінде естелік көрме ұйымдастырылды. Нина Григорьевна 1928 жылы шілденің 25-де Жамбыл облысы Бурылбайтал ауылында дүниеге келген. Ол Балқаш мыс комбинатына мамандар даярлайтын № 5 кәсіптік училищесіне окуға түседі, байытушы мамандығын алып шығып, комбинаттың мыс байыту фабрикасына флотатор болып орналасады. 

Нина Григорьевна Чекушина — 1945-1979 жылдар аралығында мыс байыту фабрикасының аға флотаторы болып ерен еңбек етеді. 1973 жылы 23 желтоқсанда Жоғары Кеңесі Президиумының Бұйрығымен еңбегі бағаланып социалистік міндеттерді аткарудағы жоғары жетістіктері үшін аға флотатор Н.Г. Чекушинаға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталады, кейін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Нина Григорьевна ұзақ уақыт қалалық, облыстық және Жоғарғы Кеңес депутаты болып, коғамдык-саяси істерге белсенді араласа жүріп, Польша, Монғолияға да сапар шегеді. Байыту фабрикасындағы әйелдер Кеңесіне бірнеше жыл төрағалық етеді.

2000 жылы 28 қыркүйекте Н.Г. Чекушинаға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының кұрметті азаматы” атағы берілді.