27.07.2018ж. «Қазақ музыкалық аспаптары» экспозициясының негізінде ұйымдастырылған экскурсиялар барысында қонақтар қазақ аспаптарының пайда болу тарихымен танысты. Әрбір аспаптың өзіндік тарихы бар. Қазақ музыкалық аспаптары көшпенді өмірдің түрлі жағдайларында қолданылған. Музыка әртүрлі рәсімдердің және күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болып, баланың туылғанынан бастап адамның жерлеу рәсіміне дейін пайдаланды. Қазақ музыкалық аспаптарының құрылуымен көптеген аңыздар байланысты. Қазіргі уақытта қазақтың музыкалық аспаптарының 20-дан астам түрі белгілі. Олардың шыққан тарихы мен сипаттамасын әр түрлі әдеби көздерден, суреттердің беттерінде сақталған. Қазақ музыкалық аспаптары туралы білім, жасалуы және олармен ойнау ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріледі.