10.08.2018ж.музейде құрылысшылар күніне орай «Мысты қаланың құрылысшылары» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: қаламыздың негізін қалауға үлес қосқан алғашқы құрылысшылардың аттарын құрметпен еске алу, өнеркәсіп қаламыздың тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қала тұрғындары алғашқы құрылысшылардың фотосуреттерін, мадақтама парақтарын, медальдерін көріп, газет матариалдарымен танысты. Балқаш қаласының 80 – жылдық тарихында алғашқы құрылысшылардың еңбегі өте зор. Олардың арасында, байытушы Қамал Қадыржанов, флотатор Ә. Әлімжанов, балқытушы А. Тлеуғабылов, бұрғылаушы Ә. Тырнақов, ағайынды Мусіндер және т.б. Алғашқы құрылысшылар өздерінің еңбегімен, күш – жігерлігімен, маңдай терлерін төгіп, шөл далада бүкіл әлемге белгілі Балқаш мыс зауытының құрылысын бастады, олардың есімдері қала тарихында алтын әріптерімен жазылып сақталды. Кеңес Одағында алып ауыр өнеркәсіптердің ешбірі де Балқаш құрылысы секілді ауыр жағдайда тұрғызылмаған еді. Мұндағы құрылысшылардың еңбегі түсті металлургияның тарихында батырлық беттері болып қалады.