17 тамызда спорт күніне орай «Балқаштықтар – спорт саңлақтары» көрмесі ұйымдастырылды. Көрме қаламыздағы спорт саласының даму тарихына үлкен үлес қосқан,  қала тарихының шежіресінде есімдері қалған,  бұрынғы КСРО және Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушылары, әлем чемпиондары және Олимпияда ойындарының жеңімпаздары -  М.Хайрутдинов, Валиулин, Ефремениди, Б.Гугенгеймер, Елена Чебукина, Светлана Лихолетова, Василий Жиров, А.Апачинский, Ю.Лебедев, М.Жунусов  және т.б. қала спортының негізін қалаушы спортшыларымыздың өмірбаянынан, ерен еңбектерінен ақпарат береді. 

 

Сонымен қатар, көрме материалдары негізінде «Балқаш спорты: тарихы мен бүгінгі заман» атты тақырыптық экскурсия өткізілді, экскурсия барысында көрермендер сонау 30 жылдардан бастап, бүгінгі күнге дейін қала өмірінде болып жатқан спорт жаңалықтарымен, спорт саласында есімдері  әйгілі тұлғалардың жетістіктері туралы мол мағлұмат алады.