Наурыз мейрамын мерекелеу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатымен және Астананың 20-жылдығына арналған қала көшелерінде келесі көрмелер ұйымдастырылды:
«Ата – баба мұрасы», қолданбалы өнерінің көрмесіне 15 қатысушысы өз жұмыстарын ұсынды. Қазақ ұлттық нақышында декоративті шалқандардан жасалған панно мен декоративті жұмыстар қала тұрғындарының ерекше назарына бөленді. Сонымен қатар киізден, жүннен, теріден, ағаштан әр түрлі әдіспен орындалған бұйымдар (панно, түскиіздер, сырмақтар, құрақкөрпелер, бас киімдер, сөмкелер, т.б.) көрсетілді.