28 ақпанда Алғыс айту күніне арналған суреттер байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға қатысушылар өздерінің қарындашпен, қылқаламмен салған суреттерінде ата-аналарына, ата-әжелеріне және өздеріне бақытты балалық шақтарын сыйлаған барлық мейірбан жандарға деген ризашылықтарын білдірді. Байқауға қала мектептерінің 50-аса оқушылары қатысты. Сайысқа ұсынылған барлық суреттер музейдегі «Ана сүті – қарыз, әке сөзі - парыз» тақырыбындағы көрмеден орын алды.