Наурыз мейрамына орай қалалық музейде өткізілген «Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шараға №2 Абай атындағы лицейі мен №16 ОМ оқушылары мен ата аналары да қатысты, ал «Балқаш сазы» ардагерлер ансамблінің қатысушылары мерекенің құрметті қонақтары болды.

Іс–шара барысында «Ерулік», «Байғазы»,  «Тұсау кесу» қазақ салттары сахналық көрініс арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, «Арқан тартыс», «Қол күрес», т.б. ойындарында оқушылар өздерінің ептілігі, білімдері мен ұшқыр ойларын көрсете білді.