Жаңалықтар

10 қаңтардан бастап Социалистік Еңбек Ері  Е.Ф. Иванованың туғанына 115 жыл толуына орай көрме жасақталды.

Қаңтар айында «Жаңажылдық ашықхаттардағы қыс бедерлері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Желтоқсанның 20 бастап музейде «Музыка және уақыт» көрмесі ұйымдастырылды, келушілердің назарларына бұрынғы музыкалық құралдар мен жаңа жылдық музыкалық таспалар ұсынылды.

Желтоқсанның 10 бастап Тәуелсіздік күніне орай қалалық музейде фотоматериалдар негізінде Балқаш қаласының экономикалық, әлеуметтік, т.б. салаларының жетістіктерін көрсететін «Балқаш – тәуелсіздік жылдарында» көлемді көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «100 мектеп, 100 аурухана», «Моноқалалардың дамуы», «Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы», «Бизнестың жол картасы», т.б. - Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары аясында Балқаш қаласының тұрақты дамуы жылнама ретінде көрсетілді. Сонымен қатар, көрме сөрелерінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың біздің қаламызда болған іс сапарлары туралы мәлімет беретін материалдар орын алды.

07.12.2017. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында Халық әртісі, композитор М. Хамзинның туғанына 90 жыл толуына орай «Төгілтіп, күй төресін» лекциясы өткізілді. ЖББ №4 мектеп оқушылары Халық әртісінің айырықша оқиғаларға бай өмір және шығармашылық жолымен танысты

1 - 30 қараша аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала студенттері мен оқушыларға арналған келесі тақырыптар бойынша алуан түрлі іс шаралар ұйымдастырылды: