Жаңалықтар

27 қарашадан бастап «Елбасы – Ұлт мақтанышы» көрме материалдары негізінде «Елбасы Н.Ә. Назарбаев мыс өңірінде» тақырыптық экскурсиялары өткізілді. Келушілер музей қорының «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев» кешені материалдарымен таныстырылды.

22.11.2017. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында Социалистік Еңбек Ері М.Ф. Касаеваның 100-жылдық мерейтойына арналған көрме жұмысын бастады. Көрмені тамашалаған ЖББ №17 лицейінің оқушылары Еңбек сіңірген құрылысшының қиын да қызықты өндірістік жолымен танысты.

17.11.2017 бастап «Балқаш өңірінің тастағы суреттері» көрмесі ұйымдастырылып, материалдары негізінде экскурсиялар жүргізілді. Көрмеге, Оңтүстік-Батыс және Солтүстік Балқаш өңірлерінің б.з.б. 4-1 мыңж. – соңғы палеолиттен ерте темір дәуіріне дейін - салынған тастағы суреттер қойылды.

15.11.17. бастап ҚР Ұлттық валюта күніне орай «Теңге–ұлттық мақтанышымыз» көрмесі ашылды. Көрме барысында №15 лицей оқушылары Ұлттық валютаның тарихымен танысып, халықаралық ақша айналымы, теңге тарихы туралы өздерінің білім - ойларымен бөлісті.

Қарашаның 8 бастап музей қорының материалдарынан жасақталған «ҚазКСР академигі, геолог М.П.Русаков» көрме негізінде «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазыналы Қоңырат» лекциясы өткізілді. 1928 жылы 7 қыркүйектен бастап Ленинградтық инженер – геолог М.П. Русаков Солтүстік Балқаш өңірін барлап, тұңғыш рет мыс кенінің көзін тауып, Балқаш көлінің маңынан аса қуатты Қоңырат мыспорфир кен орны ашылғаны туралы хабар тараған болатын. Осы кезден бастап Балқаш мыс зауытының және қаламыздың ірге тасы да қалана бастады. Іс шара барысына №16 мектеп оқушалары қатысты.

6 қарашада қалалық орта кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында тарих, этнография, мәдениет және өлкетану білгірлерінің «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» зияткерлік сайысының биылғы маусымында Халық қаһарманы Р. Қошқарбаев атындағы колледжі, Балқаш көпсалалы колледжі, Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледждері «Қазыналы кенді, шежірелі құт мекенім - Балқашым!» тақырыбы аясында сайысты.

3 қарашада қалалық музейде «Орталық Қазақстанның зерттеушілері» циклі бойынша дәріс сабағы Ж. Ақпаевтың еңбек жолына арналды. Лекция барысында Ж. Ақпаевтың тұлғасы қоғамдық қайраткер, заңгер, Алашорда үкіметінің мүшесі және де этнограф ретінде жан жақты көрсетілді.