Жаңалықтар

2 қарашадан бастап алғашқы құрылысшы, «Балқаш жұмысшысы» газетінің редакторы Төкен Ахметовтың туғанына 110-жыл толуына орай «Болмысы бекзат жан» көрмесі жұмысын бастады. Көрме барысына қатысқан №2,15,16 мектептерінің оқушылары қалалық баспа қызметінің тарихымен танысты.

26 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Бектауатаның сақ қорғандары» видеолекциясына БГТК студенттері қатысты.

24 қарашада өткізілген «Латын әлем өркениеті мен техникалық прогрестің әліпбиі» тақырыбы бойынша дәріс сабағына № 17 лицейінің оқушылары мен Балқаш көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.

17-21 қазан аралығында Балқаш қаласының 80-жылдығына орай «Балқашым - құт мекенім» тақырыптық экскурсиясы өткізілді. Сонымен қатар, қазанның 18-де «Бектауата – Солтүстік Балқаш өңірінің оазисі» экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс шара қатысушылары – қаланың студенттік жастары.

Қазанның 17-18 күндері музейде «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» студенттер арасындағы қалалық конкурсының және қалалық «Жас шежіреші» байқауының ережелері мен өткізілуі тәртібі бойынша семинарлар жүргізілді. Іс шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі, конкурстардың басты тақырыбы – Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойы.

12.10.2017ж. Қалалық музейде «Орталық Қазақстанның зерттеушілері циклі бойынша» М. Красовскийдың еңбектеріне арналған лекция өткізілді. Сабақ барысында атақты зерттеушінің «Область сибирских киргизов» үш томдық еңбегі толық талқыланды. XIXғ. ортасында жазылған еңбекте Солтүстік -Шығыс Қазақстан қазақтары туралы тарихи – статистикалық, географиялық, этнографиялық мәліметтер берілген. Іс шараға Балқаш көпсалалы колледж студенттері қатысты.