20 сәуірінде ҚазКСР-ның еңбек сіңірген дәрігері М.М. Казбекованың туғанына 115-жыл толуына орай арнайы көрме негізінде лекция ұйымдастырылды.

М. Қазбекова медицина саласындағы жемісті және ерен еңбегі үшін «КСРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, Еңбек Қызыл ТУ орденімен марапатталды. 1995 жылы Балқаш әкімінің Қаулысымен Фрунзе көшесінің аты өзгертіліп, оған М.М.Қазбекованың аты берілді. Балқаш қаласының тұрғындары қатыгез тағдыр қинаса да еңсесін түсірмей, халық алдындағы дәрігерлік борышын адал атқарған, М.М.Қазбекова есімін құрмет тұтып, осылайша есте ұстауда.