10 сәуірде Балқаш қаласының құрылған күніне орай «Мыс қаласы» тақырыбымен экскурсия ұйымдастырылды.

Іс шараларға №№ 7, 8, 15 мектептерінің оқушылары қатысты. «Балқаш қаласының тарихы» атты фотокөрменің және деректік құжаттардың негізінде қала құрылысының - мыс алыбының тарихы мен алғашқы құрылысшылардың ерен еңбектері айқын көрсетіледі. Экскурсия барысында оқушылар алғашқы мыс балқуына қатысушыларының есімдерін және Балқаш қаласының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған құрылысшыларын естеріне түсірді.