18 сәуірде қалалық музейде «Жас шежіреші» байқауының қатысушылары өздерінің жыл бойы жинастырған ғылыми - іздестіру жұмыстарын қорғады.

2017-2018 жылғы «Жас шежіреші» байқауының негізгі бағыты Балқаш мыс өндірісінің мерейтойы - алғашқы балқаш мысының балқытуының 80-жылдығына және Қоңыраттың 90-жылдығына арналып «Мыс алыбының тарих беттері» тақырыбымен өтті. Солтүстік Балқаш өңірінің тарихы жайлы баяндаған 7 мектептің іздестіру топтарының жұмыстары әділ бағаланып, нәтижесінде бірінші орынды №4 және №16 мектептерінің командары иеленді.