25.04.2018ж. қалалық музейдің келушілері «1958 ж. – БКМК құрылуы» өлкетану жаршысымен танысты. Балқаш кен-металлургия комбинаты алғашқы мысты берген уақыттан бері қиындығы мол ауыр кезеңдерге қарамастан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп мол табысқа ие болды.

Ол бүгін "Қазақмыс" корпорациясының құрамында. Жылына зауытта 130-150 мың тонна тазартылған мыс өндіріледі. Сонымен қатар, алтын, күміс, платина және басқа түсті металдар шығарылады.