Жаңалықтар

06.10.2017ж. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында «Қала картасындағы есімдер» циклі бойынша Караменде бидің өмір жолына арналған лекциясына ЖББ №4 мектебінің оқушылары қатысты.

03.10.2017ж. Мұғалімдер күніне арналған «Зажигая, огонь знаний» көрмесі ұймдастырылды. Көрме сөрелеріне Балқаш қалалық білім беру саласының тарихын көрсететін фотоматериалдар, оқулықтар, деректі материалдар қойылды.

28 қыркүйекте Еңбек күні аясында «Еңбек бәрін жеңбек» ЖББ №16 мектеп оқушыларына викторина ұйымдастырылды. Іс шара барысында спорттық ойындар өткізіліп, қалалық еңбек ұжымдары, отбасылары, жеке тұлғалардың еңбек жолы бойынша викториналық сұрақтар қойылды.

26 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Дүниежүзілік туризм күні аясында «Бектауата – Солтүстік Балқаш өңірінің тарихи – мәдени феномені». Іс шара барасында Солтүстік Балқаш өңірінде туризм саласының дамуының өзекті мәселелері талқыланды, және де Бектауата таулы аймағында турбазалардың құрылысы туралы сұрақтар көтерілді.

20.09.2017ж. қалалық музейде «Әлемнің ең әдемі қаласы» ұйымдастырылған суреттер көрмесіне гуашь, акварель, қарандашпен салынған суреттер қойылды. Балалар өздерінің жұмыстарында туған қаланың көрнекті жерлерін, болашағын көрсете алды. Көрме барысында мектеп оқушылары үлкен белсенділік танытты.