6 қарашада қалалық орта кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында тарих, этнография, мәдениет және өлкетану білгірлерінің «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» зияткерлік сайысының биылғы маусымында Халық қаһарманы Р. Қошқарбаев атындағы колледжі, Балқаш көпсалалы колледжі, Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледждері «Қазыналы кенді, шежірелі құт мекенім - Балқашым!» тақырыбы аясында сайысты.

Конкурстың негізгі кезеңдерінде Ағыбай батырдың - 215 ж., Күләш Байсейтованың – 105 ж., күйші – композитор М. Хамзинның өмір жолдарына қатысты сұрақтар қойылып, «Қазақстанның 100 жаңа есімі. Балқаш» мультимедиялық жобалары мен Балқаштық суретшілердің туындылары бойынша шығармашылық қойылымдар көрсетілді. Барлық командалар мен белсенді қатысушылар Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.