Желтоқсанның 10 бастап Тәуелсіздік күніне орай қалалық музейде фотоматериалдар негізінде Балқаш қаласының экономикалық, әлеуметтік, т.б. салаларының жетістіктерін көрсететін «Балқаш – тәуелсіздік жылдарында» көлемді көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «100 мектеп, 100 аурухана», «Моноқалалардың дамуы», «Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы», «Бизнестың жол картасы», т.б. - Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары аясында Балқаш қаласының тұрақты дамуы жылнама ретінде көрсетілді. Сонымен қатар, көрме сөрелерінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың біздің қаламызда болған іс сапарлары туралы мәлімет беретін материалдар орын алды.